Майами

          

Майами - әрине, Нью-Йорк пен Чикагодан кейінгі АҚШ-тың ең әйгілі қаласы, Флорида штатының ең танымал қаласы. Ол ең көп мәдени орындарға толы. Майами қаласы Флорида түбегінің оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан, қала кокос және патша пальмаларымен көмкерілген әдемі Атлант мұхитының жағалауында созылып жатыр. Майами көптеген сәулет мәнерлерін мақтан тұта алады: қаланың орталығы “модерн” стилінде орындалған, South Beach- ерекше «деко» стилінде орындалған, мұнда сәулет дәуірінің қайталанбас жиынтығы үйлесімді түрде ұсынылады.

      

Қала әйгілі Флорида аралдарының ішіндегі ең танымалы Флорида Кистің, Майамиден оңтүстікке қарай орналасқан аралдардың тізбегінің жанында орналасқан. Флорида Киске су асты жүзуіне, балық аулауға, ескекке қатысты тең келер жоқ, әрине, тек қана өзінің қайталанбас керемет жағалауларымен таң қалдыра алады.

       


Сонымен бірге, Майамиде теңіз порты мен халықаралық әуежай бар. Майамидің теңіз портында көптеген сауда кемелері, сонымен қатар, халықаралық круиз лайнерлері айлаққа байланған. Осындай үлкен және маңызды теңіз портының болуы Майамиді әсерлі экономикалық орталық жасап отыр. Қалада көптеген халықаралық бірлестіктердің бас мекемесі орналасқан: Alienware, Autonation, Bacardi, Brightstar Corporation, Burger King, Carnival Cruise Lines, Citrix Systems, DHL, Norwegian Cruise Lines, Royal Caribbean Cruise Lines, Ryder Systems, және Spirit Airlines. Сондықтан, өзіңіз көріп отырғандай, егер сіз бизнесіңізді АҚШ-та, Флоридада бастауды жоспарласаңыз, Майами бұл үшін ең тамаша орын.

        

Майамидің климаты - тамаша. Қыстыгүні температура Цельсия бойынша +15 градусқа дейін төмендейді және +18 - +24 градусқа дейін көтеріледі. Және сәйкесінше, жазғы уақытта температура Цельсия бойынша +24 градустан + 35 градустың арасында ауытқиды. Ыстық жаздыгүні теңізден соққан самал жел салқындатады.

        

АҚШ-тың мәдени дамыған қалаларының бірі бола отырып, Майами көңілді түнгі өмірді ұсынады: кез келген талғамды қанағаттандыра алатын ең керемет мейрамханалары мен клубтары бар South Beach аймағы. Егер сіз қаласаңыз, қала сізге бәрін ұсынуға дайын!

South Beach-тегі дүкендер Палм-Бичтегі Worth Avenue немесе Калифорнияның Беверли Хиллзіндегі Rodeo Drive сияқты ең жақсы дүкендермен салыстыруға тұрады! Сонымен қатар, Майамиде дүние жүзінің ең жақсы дизайнерлерінің дүкендері орналасқан!

Қолайлы орналасқан жері, керемет климаты, қарқынды экономикалық дамуы Майами қаласын Атлант мұхитының жағалауындағы інжу-маржанға айналдырып отыр.