Флорида Кис

         

Флорида Кис Майамидің оңтүстігіне және батысына қарай орналасқан керемет әдемі аралдардың тізбегін көз алдыңызға келтіреді. Әрбір арал өзінше ерекше. Дүние жүзін төрт рет айналсаң да су асты жүзуімен, балық аулаумен және қайық спортымен шұғылдануға жақсы жерді табу қиын. Ашық көк аспан түсті сулар жылы және мөп-мөлдір. Ауа райы аралда өмір сүру үшін дәл келеді.

        

Ки-Уэст - аралдардың ішіндегі ең үлкені және тізбектің ішіндегі ең соңғысы. Оның әйгілі көшесі Duval Street ерекше мейрамханалар мен дүкендерге толы. Ки-Уэстте өзінің жеке әуежайы мен көптеген айлақтары бар. Онда басқа аралдардан өте отырып, тікұшақпен, қайықпен немесе машинамен баруға болады.

         

Солтүстік Америка жағалауындағы Кис аралының ең керемет су астындағы маржанды жартастары, терең емес сулары және теңіз флорасы мен фаунасының көптігі жаңадан жүзіп үйреніп жатқандар үшін де, тәжірибелі жүзушілер үшін де су асты жүзуін ұмытылмастай етеді. Жергілікті сулардағы балық аулау да ерекше. Осы жерде сіз маскамен және тыныс алатын түтікшемен жүзіп жүрген кезде теңіз шаянын ұстай аласыз, қармаққа одан да үлкен балықты, мысалы, тарпон немесе марлинді іліндіруге болады, таңдаудың әртүрлілігі сізді жалықтырмайды. Егер сіз су спортының жолын қуушы болсаңыз, Кис-бұл сізге арналған орын: су шаңғысынан бастап парашютке және тақтайда сырғанауға дейін - суда демалудың барлық түрлері Кис аралдарында мүмкін болады. Ал Ки-Уэст аралындағы түнгі өмірге келетін болсақ, бұл жердегі түнгі мезгіл қызыққа толы және ерекше керемет, Ки-Уэсттің нақ орталығындағы Duval Street көшесіне шоғырланған. Дәл осы жерде судағы демалыстан кейін уақыт өткізуге болады.