
Тампа Бэй шығанағы шамамен Орландо қаласынан бір сағаттық жердегі Мексика шығанағы жағындағы Флорида штатының жылы жағалауында орналасқан. Тампа Бэй шығанағының батыс жағында Клирвотер (Таза су) қаласы орналасқан, ал шығысында Тампа қаласы, шығанақтың жағалауында бірнеше кішкене қалалар орналасқан. Шығанақ жылы климатқа рахаттануға болатын тұнық сулардың тамаша оазисі іспеттес.
Тампа қаласының орталығы - бұл қарқынды дамып келе жатқан сауда саласы бар іскер аудан. Тампа қаласында шығанақтың жағалауында орналасқан ең ірі мұхит порттарының бірі орналасқан. Жылжымайтын мүліктің тұрақты дамып келе жатқан нарқы Тампа қаласын инвесторлар үшін ең тартымды нарық етіп отыр.
Егер адреналин жетпей жатса, Тампа қаласында адреналин қосатын аттракциондары бар Busch Gardens көңіл көтеру саябағы бар. Бүкіл жанұямен бірге демалуға және көңіл көтеруге арналған керемет орын.

Шығанақтың басқа жағалауында жұмақты жағажайлары бар тамаша Клирвотер қаласы орналасқан. Клирвотер Бич жағажайы АҚШ-тың ең жақсы жағажайы болып есептеледі, ол гавайлық және калифорниялық жағажайлардан да озып отыр.

Аппақ құмы бар Клирвотер қаласының жағалауында ерекше керемет резиденциялар мен шипажайлар, ерекше кішкене дүкендер мен мейрамханалар орналасқан. Қазіргі таңда қалада жалпы сомасы $8 миллионға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл қала бойына кішкене қалашық пен мегаполистің дамыған инфрақұрлымын жинап тұр. Дәл осы мұнда жыл сайын жаңа тұрғындар мен туристерді тартады. Осылайша, жылжымайтын мүлікке деген сұраныс өсуде. Клирвотер - жылжымайтын мүлікті сатып алуға ең тиімді орын.








