Форт-Лодердейл

Форт-Лодердейл Флорида штатының ең ірі қалаларының бірі, сонымен қатар ең маңызды сауда және мәдени орталығы, Майамиден 30 минут жүрер жерде орналасқан.

           

Форт-Лодердейлде Құрама Штаттардың оңтүстік-шығысындағы ең үлкен теңіз порты орналасқан. Порт осы аймақтың экономикасының үлкен бөлігін құрайды. Өндірістік тасымалдаушылардан басқа портта бірнеше ірі круизді лайнерлер орналасқан. Экслюзивті яхталардың өндірісі осы аймақта дамып келе жатыр. Экономика жағалау бойында орналасқан жылжымайтын мүлік нарқында тұрақты дамып келе жатыр, тұрақты өсудің бағыт-бағдары сипатты.

Әйгілі Форт-Лодердейл жағажайы әртүрлі көңіл көтеретін орындарымен адамдарды тартады. Керемет алтын түсті құмы, көптеген мейрамханалары, жыл бойындағы тамаша ауа райы, осының бәрі соншалықты адамды тартады, өйткені осы жерге келсеңіз, бұл жерден кете алмайсыз. Жағажайдың бойына созылған басты көшеде тізілген кондоминиумдар, кішкене дүкендер, тәтті иісімен адамды тартатын мейрамханалар бар. Күн батқан кезде Құрама Штаттардың ең тамаша қалаларының біріне баруға болады немесе тамаша түскі астан кейін мұхит жағалауындағы ай сәулесінде романтика әуеніне бөлене отырып қыдыруға болады. Форт-Лодердейлде театрлар мен орындаушы өнерлерінің орталықтары да бар. Егер опера немесе оркестрді тыңдағыңыз келсе, алысқа барудың қажеті жоқ.

          

Форт-Лодердейлде орналасу өте ыңғайлы: Майами және Палм Бич қалаларының арасында. Қалада үлкен халықаралық әуежай, әрине, порт пен жағалау желісі бар. Багам немесе Саут Бич бірнеше минут жерде орналасқан. Сонымен қатар, Форт-Лодердейлді каналдар жүйесінің тармақталуынан америкалық Венеция деп атайды. Қайықпен қаланың кез келген нүктесіне жетуге болады.

Өзіңіз көріп отырғандай, Форт-Лодердейл-бұл мәдени дәстүрлері, жылы жағажайлары, тез дамып келе жатқан экономикасы мен бітпейтін көптеген ойын-сауық орындары бар жанды қала. Сіз осы жерге келе қалсаңыз, бұл жерден кеткіңіз келмейді. Форт-Лодердейлге келіңіз, сіз осы тамаша қаланы жақсы көріп қаласыз.