Неаполь/Форт Майерс

Флориданың оңтүстік-батысы сіздің өміріңізді кереметтей етеді және көңіл-күйіңізді көтереді....

        

Неаполь

Неаполь қаласы - Мексика шығанағының күн сәулесіне шомылған бөлігінде орналасқан Флориданың оңтүстік-батыс қалаларының тәжіндегі бағалы тас болып есептеледі.

Неапольдің барлық әрекеті суға шоғырланған. Мұнда жыл бойына теңізде жүзудің барлық түрлері мүмкін, сонымен қатар, су спортының барлық түрлері де мүмкін: су шаңғыларында жүзуден бастап виндсерфингке дейін. Кәсіби балық аулаушылар үшін жергілікті суларда теңіз алабұғасы, флоридалық помпано, нигрита және теңіз шұбар балығы толы, алайда көктемде және ерте жаздың күндері негізгі аулау нысаны атлант тарпоны болып есептеледі. Неаполь қаласының ең негізгі тамашалайтын орындарының бірі - әрқайсысы өзінің стилі мен ұсынылатын тауарларына байланысты ерекшеленетін көптеген эксклюзивті дүкендері мен сауда орталықтары. Неапольдің ең әйгілі сауда-саттық көшесі - Street Sin Oldie көшесі. Мұнда зергерлік бұйымдар дүкені мен көркем галереялар орналасқан. Қаланың экзотикалық қараңғыланған көшелерінде француз және ағылшын стилі мен Флориданың ескі ғимараттарының стилі өзара үйлесімін тауып тұр.

                

Қаланың орталығы машинамен бірнеше минутта жететін жерде орналасқан, егер сіз қыдырғыңыз келсе, онда жаяу баруға да болады. Мұнда Saks Fifth Ave және басқа сәндік дүкендері, көркем галереялар, еуропалық бистро орналасқан. Әрбір қыс сайын Saks Fifth Avenue дүкенінде "Christmas Walk" Рождествосын тойлау салтанаты өтеді, ал Third Street көшесінде - "Festival of Lights" ұмытылмас фестивалі өтеді. Gulf Shore Boulevard гүлзары Венеция шығанағының аймағы арқылы өтеді, сіз мұнда жерорта теңізінің құшағына енесіз. Жер астындағы үңгір жол 50-ден көп бутиктері, галереялары, кафе және мейрамханалары бар шығанақтың қарама-қарсы жағалауларында салынған екі сауда орталығын қосады.

Мұхит жағалауындағы өмір ерекше, сондықтан, жобалаушылар судың үстіңгі көрінісінің керемет көрінісін тиімді пайдалана отырып биіктігін тұрғ"ызады. Марко аралындағы Пеликан Бэй мен Марко Мүйісінің мәнерлі тұрғын қорғандары шығанақ жағалауындағы салтанатты өмір салтының ерекше көрінісі болып есептеледі. Park Shore жағалауында орналасқан Колоннада резиденциялары апартаменттерін және өздерінің жеке жағажайына шығатын жеке үйлерін ұсынады. Мұхиттың жағалауында орналасқан Vanderbilt Beach Road көшесінде орналасқан Pelican Harbor тұрғын-үй кешені шығанаққа шығу үшін суда 70 жабдықталған айлағы бар «кондо» типіндегі жеке үйлерді сонымен қатар, гольф ойынына арналған алаңдарды ұсынады.

        

Форт Майерс

Флориданың климаты жылдық орташа 21оС температурасымен және жылына барлық 365 күн бойы шуағын шашқан күн сәулесімен гольф ойыны үшін ең тиімді орын. Гольф ойынына арналған алаңдар мен клубтардың дәл осы штатта ұсынылатыны әрине таң қаларлық жағ"дай емес.

Флориданың оңтүстік-шығысында 130-дан астам гольф ойынына арналған жеке және қоғамдық алаңдар орналасқан, оның 50-і Форта Майерс аймағында орналасқан: Эстеро, Коралл Мүйісі, Lehigh Acres, Sanibel Island, Bonita Springs және Венеция аймақтарында. Бұл аймақта гольф ойынына арналған дүние жүзіндегі технологиялық жағынан ойластырылған алаңдар орналасқан. Гольф ойыны үшін уақытты әсіресе қыс маусымында алдын-ала алып қою қажет (туристік маусымның қайнаған шағы). Егер сіз клубтың мүшесі болмасаңыз, көптеген алаңдарды ойынға дейін 10 күннен көп емес уақыт аралығында алуға болады. Маусым кезінде де бағалары өте қымбат. Мамыр айынан бастап қазан айына дейін гольф ойнау оңай, өйткені ойнағысы келетіндер бұл уақытта аз. Тұрғын-үй кешендерінің төрттен бір бөлігінен көбісі мұнда гольф алаңдарының айналасына салынған, осылайша, жергілікті тұрақты тұрғ"ындар мен жазғы үйлердің иелерінің арасында бұл спорт түрінің дамуына әсер етеді.

Егер сіз гольф ойынын ойнасаңыз немесе жай ғана күн сәулесін жақсы көрсеңіз, міндетті түрде оңтүстік-батыс Флоридаға келіңіз.

      

Форте Майерсте әрқашан шұғылданатын іс және баратын орын табылады, сіз ешқашан зерікпейсіз! Бұл жерде әркім өзінің жанына жағатын ісін таба алады: гольф, скэйтбордта, конькиде, роликте сырғанау, табиғатта серуендеу, мұражайларға, планетарийлерге бару, сонымен қатар, бүкіл отбасы үшін көптеген ойын-сауық түрлері!

Немесе егер сіз тек қана демалғыңыз келсе, қаланың орталығынан бірнеше шаршы метр жерде керемет жағажайлар мен шипажай қонақ үйлері бар.

Күн батқаннан кейін Форт Майерсте әлемдік санаттағы әртүрлі керемет сахна көріністеріне толы түнгі өмір басталады, көптеген мейрамханаларда да адамдар толастамайды.

Оңтүстік-шығыс Флориданың жағалауы - балықшылар үшін ең тамаша орын. Мұнда олар шығанақтың тұнық суларында, сонымен бірге, мұхиттың қатты толқындарында да балық аулай алады, қармақтан бастап ауға дейінгі барлық балық аулау түрлерін сынап көре алады. Шығанақта көптеген су астындағы құздар бар, соған байланысты терең суларда балық аулау үшін керемет ерекше экожүйе қалыптасқан. Мұнда теңіз алабұғасы, луциан, сериола, трахинотус және акула жүреді. Жекелеген аудандардың шығанақтары әртүрлі табиғат ерекшеліктеріне ие, мұнда шығанақтар, кішкене шығанақтар, батпақтар бар. Осы тұнық және мөлдір сулар таңқышаян, шаян және майда балықтардың өмір сүруіне ең қолайлы орын болып есептеледі. Ол өз кезегінде снук, атлант тарпоны және қызыл нерка сияқты өте ірі өнеркәсіп балықтарына азық болады.

Сонымен қатар, толқын тосқылардан, көпірлерден немесе пирстерден балық аулауға болады, алайда теңіз суында балық аулау үшін лицензия талап етіледі.

Caloosahatchee River өзенінің бойымен су каналы арқылы Окичоби көліне дейін круизге шығуға болады, кемелер Форт Майерс қаласының орталығындағы яхта айлағынан жүреді. Осылайша, сіз көптеген аралдары бар Флориданың оңтүстік-батыс жағалауындағы қайталанбас көріністі, сіздің кемеңізді шығарып салып бара жатқан дельфиндерді көре аласыз немесе палубада демала отырып, оңтүстік Флориданың күн шуағына шомыла аласыз. Егер сіз күні бойы саяхаттауға бел бусаңыз, Флорида-Кис аралдарына жетуге болады және онда Ки-Уэст қаласында серуендеуге болады. Көптеген круиздерде коктейльдер мен салқындататын сусындар, ланч пен түскі ас беріледі, кейбіреулерінде әуен мен би алаңдары бар. Сіздің талғамыңызға қарай - теңіз көлігінің көптеген түрлері - яхталар, катамарандар, сіз су қозғалысының ескі бір түрі дөңгелек кемені де таңдап ала аласыз. Ал егер сіз күннің батуынан ләззат алғыңыз келсе, кешкі круизді таңдап алыңыз.

Мұнда сіз Флориданың ғажайып жануарлар және өсімдіктер әлемімен танысуға мүмкіндік аласыз, оның көрінісінің әртүрлілігін мангра ормандары, пальмалар, папоротниктер, құстар, қамшаттар, тасбақалар, аллигаторлар, ламантиндер және басқа өсімдіктерден, құрлықтағы судағы, сүтқоректі жануарлардың түрлері ұсына алады. Сіз өзіңіздің жеке сапарыңызды жоспарлай және сізге еріп жүру үшін гид-натуралистті шақыра аласыз.

Жүздеген шаршы метрлерге қорықтық шығанақтар, лимандар, суқоймалар, кішкене шығанақтар мен каналдар созылып жатыр - мұны бәрі көруге тұрарлық!