Redington Shores Yacht & Tennis Club

  

Редингтон жағалауындағы яхта және теннис клубы – солтүстігінде Клирвотермен, оңтүстігінде Санкт-Петербургпен және шығысында Тампамен шектесетін, аймақтың керемет жағажайларына кіретін жолдары бар, Редингтон жағалауындағы сәулетті керемет қалада әдемі, қарасаңыз көз тоймайтын Boca Ciega Bay шығанағының бойымен 24 акр жерге созылып жатыр. 
 
                                       Map 

Арнайы ресми түрде әшекейленген қақпасы және керемет тропикалық көрініске ие орын тұрғындар мен олардың қонақтарын осы жаңа тұрғын орнына шақырады. Төрт қабатты ғимараттың ішінде 126 кондоминиум тұрғын үй кешені керемет ағып жатқан судың керемет көрінісін ұсынады. Демалыс аймағында кәсіби деңгейде жабдықталған фитнес орталық, жарық орнатылған теннис ойынына арналған орындар және бес арнайы жылытылатын хауыздар мен спалар бар клубты қамтиды. Қайық тоқтайтын орындар мен жағажайда тоқтауға болатын коттедж үйлер де қонақтарға есігін айқара ашуда. 

     

Төрт бірдей тұрғын үйлер кешені, атап айтқанда, Las Palmas, Las Flores, Las Brisas және La Bahia кондоминумдарының құрылысы қазіргі кезде толығымен аяқталған. Олар келушілерге тікелей шығанаққа шығатын көрінісі, үлкен қонақтарға арналған бөлмеден судың толқындарына сүйсінетін орын, керемет ұйықтайтын бөлме және балконы бар кондоминиумды ұсынады. Әрбір кондоминиумда жеке жылытылатын хауыз бен спа бар.  



   La Bahia суретін тамашалау үшін осы жерді басыңыз!!!